Мәскеуде екі жасар қыз бала 7 қабаттан құлап, аман қалды
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде екі жасар қыз бала жетінші қабаттағы үйдің терезесінен құлап, тірі қалды, деп хабарлады құқық қорғау органдарының өкілдері.
Оқиға кеше болған. «2008 жылы туылған қызды Молостовтар көшесіндегі 11 үй, 6 корпустан сағат 15.00 шамасында жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының қозғалуы және ішкі құрылыстары жарақаты бойынша ауруханаға жеткізген», - деді милиция өкілдері. Бұл туралы РИА «Новости» агенттігі хабарлайды.