14:07, 28 Қазан 2015 | GMT +5
Мәскеуде кәріс бизнесменінің 100 млн рублін ұрлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер Мәскеуде тұратын кәріс кәсіпкердің үйінің кілтінің нұсқасын тауып, пәтерінен шамамен 100 млн рубльді жымқырды, деп хабарлады ІІМ Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасынан.

«02» қызметіне Корея өндірісіндегі тауарларды сататын сауда фирмасы директорының орынбасарынан арыз түсті. Ол Вернадский даңғылындағы пәтерінің есігі ашық тұрғанын байқағанын айтты. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері сомасы 100,4 миллион рубльді құрайтын бағалы заттардың жоғалғанын анықтады», - делінген ведомство хабарламасында.