Мәскеуде осетиндер тобы арасында атыс болды

МӘСКЕУ.  Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат -  Мәскеудегі 1-ші    Николо-Щепов  қиылысында  орналасқан     ғимаратқа бұған дейін   басып кірген  белгісіз  біреулер,  оқиға орнынан іздерін жасырмақ  болып      жарақаттаушы   қарудан оқ  ашты, 
None
None

 деп  хабарлайды ҚазАқпарат    Utro.ru сайтына сілтеме    жасап.

Бір оқ «Коммерсант» басылымының  тілшісі Андрей Стенинге  тиді.  Ол жеңіл жарақат алғандықтан,  ауруханаға    жатқызу   қажет   болмаған.  Алдын-ала мәліметтер  бойынша,  құрбан  болғандар жоқ.  Құқық қорғау  органдарындағы  дерек көздің  хабарлауынша,    оқ  атқандар ұсталып, «Арбат» ішкі істер   бөліміне  жеткізілді.

Мәскеудегі осетин жамағатының төрағасы Валерий Каболов  сәрсенбі күні  белгісіз біреулердің оған тиесілі     ғимаратқа басып кіргенін   мәлім  еткен  болатын.   Мәскеу Ішкі істер бас басқармасының  өкілі  «бұл ғимаратты бөлісе  алмаған екі меншік иесінің  арасындағы қалыпты   оқиға»  деп  атап отыр.

Соңғы жаңалықтар