Мәскеуде тонаушылар қоймадан құны 2 млн рубльдік кальян өнімдерін ұрлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің Оңтүстік-Батыс округінде қаскүнемдер сағат 00:20 шамасында кальян өнімдерін сататын компанияға тиесілі қойма кешеніне баса-көктей кірген. Тонаушылар құлыпты кесіп, ғимараттың ішіндегі жүк тасушыларға шабуыл жасаған.
None
None

Қылмыскерлер қоймашы, жүк тасушыларды ағашпен ұрып, бәрін скочпен байлап тастаған. Артынша қорапқа салынған тауарларды шығарып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Алдын ала бағалау бойынша қаскүнемдер келтірген шығын шамамен 2 миллион доллар.

Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазды  informing.ru.

Соңғы жаңалықтар