18:22, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Мәскеуде тұмаудан 11 адам қайтыс болды
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеуде тұмау эпидемиясы мен оның асқынып кетуі маусымында 11 адам қайтыс болды, деп хабарлады Ресей астанасының Денсаулық сақтау департаментінің инфекциялық аурулар жөніндегі бас маманы Николай Малышев.
Оның айтуынша, бұл аурулардың барлығы да стационарда емдеуде болған, деп хабарлайды Утро.ру.
Тұмау эпидемиясы Мәскеуде қаңтар айының аяғында басталды. Мәскеу мектептерінде 31 қаңтар күні 1-8 сынып оқушыларына бес күнге, ал 1-6 сынып оқушыларына 8 ақпанға дейін карантин енгізілді. Ресей астанасының Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Леонид Печатниковтың осыған дейін хбарлағандай, карантинді енгізу ауырудың деңгейін екі есеге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.