10:51, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Маскүнем әке ұлының қолынан мерт болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылының 54 жасар тұрғыны ұлының қолынан мерт болды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұрыннан арақ ішуге жақын жүретін әке бұл жолы да үйге қызып келіп, орынсыз жанжал шығарады. Осыған төзбеген оның азамат ұлы әкесімен жаға ұстасып қалады. Әке мен бала арасындағы ұрыстың аяғы төбелеске ұласып, маскүнем әкенің қиянатына шыдамаған ұлы оны кеудеден қатты соғады. Осы соққыдан есін жия алмаған әке жан тәсілім етеді.