«Масло-дел» кәсіпорнының экспорттық өнімдері жарты жылда 6 млн. 44 мың долларды құрады

АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан нарығындағы қойытылған сүттің - 33, сарымайдың 22 пайызын «Масло-дел» ЖШС өндіреді.
None
None

Бұл жайлы Алматыда өтіп жатқан 2 күндік ІІІ Орталық Азия форумында айтылды.

Компанияның коммерциялық директоры Гүлайхан Мырзағалиеваның айтуынша, 4 зауыты және Қазақстанның ірі қалаларында 21 сауда филиалы бар «Масло дел» ЖШС-нің Қырғызстаның Бішкек, Қытайдың Үрімші, Ресейдің Омбы қалаларында 3 еншілес кәсіпорындары жұмыс жасайды. Зауыттардың өндірістік қуаты жылына 300 мың тоннадан астам өнімді құрайды. 2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған олардың жылдық айналымы 100 миллион доллардан асады. Тұтынатын шикізат пен материалдарының 97 пайызы қазір отандық өндірістен алынады. 2006 жылы оның үлесі 33 пайыз ғана болатын. Өз өнімдерін Қырғызстан, Иран, Эстония, Ресей, Ауғанстан елдеріне экспорттап келе жатыр. Оның көлемі 2011 жылы 3 млн 330 мың доллар, 2012 жылы 5 млн. 770 мың долларды құраған еді. Биыл алғашқы жартыжылдықтың өзінде бұл көрсеткіш 6 млн. 44 мың долларға жетті.

Соңғы жаңалықтар