Мәсімовтің зәулім сарайынан тәркіленген самурай қылышы 3,4 млн теңгеге сатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Тергеу аясында тәркіленіп, Қайтарылған активтерді басқару компаниясына берілген самурай қылышы мен былғары белдік сатылып кетті. 

Мәсімовтың зәулім сарайынан тәркіленген самурай қылышы 3,4 млн теңгеге сатылды
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Аталған мекеме бұл бұйымдарды электронды сауда порталында аукцонға шығарған болатын.

Екеуі де ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі болған үйден тәркіленген заттар тізімінде бар.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы sauda.e-qazyna.kz порталында жариялаған мәліметке сай, қынаптағы самурай қылышының бастапқы бағасы 461 312 теңге болған. Қара қынапты, болат жүзді, ал сабы бедерлі геометриялық өрнекпен безендірілген қаруға 6 үміткер қызығушылық танытыпты. Әрқайсысы 69 197 теңге кепілдік жарна төлеген. Аукцион нәтижесінде самурай қылышы 3 413 825 теңгеге сатылды.

қылыш
Фото: sauda.e-qazyna.kz
белдік
Фото: sauda.e-qazyna.kz
белдік
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Ал ұлттық ою-өрнекпен безендірілген арнайы қораптағы былғары белдік 524 261 теңгеге өткен.

Бастапқыда 183 750 теңгеге ұсынылғанмен, 4 үміткердің өзара бәсекелесуі нәтижесінде белдіктің бағасы өскен. Аукционға қатысушылар кепілдік жарна ретінде 27 563 теңге төлеген.

Айта кетейін, бұған дейін Мәсімовтің жекежайынан алынған самурай қылышы 540 мың теңгеге сатылғанын жазғанбыз.

Бірақ аукцион жеңімпазы ақшасын төлемегендіктен, келісімшарт бұзылып, бұйым қайтадан сатылымға шығарылған.

Сондай-ақ бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Мәсімовтің бұрынғы үйін қай мемлекеттік мекемеге бергелі жатқанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум