Мәсімовтің жекежайынан алынған самурай қылышы 540 мың теңгеге сатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қайтарылған активтерді басқаратын компания бұрын тәркіленген мүлікті, соның ішінде сәнді сағаттар, зергерлік бұйымдар және аксессуарларды сатылымға шығарды.

Мәсімовтің жекежайынан алынған самурай қылышы 540 мың теңгеге сатылды
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Аукционға барлығы құны 520 млн теңгеден асатын 42 сәнді зат қойылды. Әлемдік брендтердің зергерлік бұйымдары мен сағаттардың көбі сатып алушыларын таппады.

Сатылған жалғыз зат — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйінен алынған «қынабындағы самурай қылышы» болды. Оның сату бағасы 540 мың теңге

Бұған дейін қылыштар, монеталар және басқа да қайтарылған активтер аукционда 10 млн теңгеге сатылған.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы Оқу-ағарту министрлігіне берілгенін жазған болатынбыз

Айта кетсек, биыл 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылған еді

Алайда 25 ақпанда өткен аукционда Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайын ешкім сатып алмады

Наурыз айында Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайы қайта сатылымға қойылды

Ережеге сәйкес, аукцион жеңімпазы аукцион аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде сатушымен мәміле жасасуы керек. Жеңімпаз активті тек қаражат сатушының шотына толық есептелгеннен кейін ғана алады.

Сатудан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылады, оның қаражаты білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым салаларындағы әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыруға және азаматтардың әлеуметтік жағынан осал санаттарын қолдауға жұмсалады.

Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2022 жылы 8 қаңтарда ұсталды

Соңғы жаңалықтар