Математика профессоры Ғафур Мұқанов - «Павлодардың құрметті азаматы»

ПАВЛОДАР. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодардағы С.Торайғыров атындағы Мемлекеттік университеттің «Математика» кафедрасының профессоры Ғафур Мұқанұлы Мұқановқа қалалық мәслихат депутаттарының шешімімен «Павлодардың құрметті азаматы» атағы берілді,
None
None

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

 Ғ.Мұқанов 1932 жылдың 15 мамырында дүниеге келген. Өзінің барлық өмірін ғалымдардың патшаханымы - жоғары математикаға арнаған, 60 ғылыми еңбек, бір монография және 17 оқу-әдістемелік құралдарды жазды.

 Жасының ұлғайғандығына қарамастан, профессор өзінің ғылыми және оқытушылық қызметін белсенді жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар