Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Матрица: Түркістан облысы ғана «сары» аймақта тұр, өзге өңірлер әлі «қызыл» аймақта

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Матрица: Түркістан облысы ғана «сары» аймақта тұр, өзге өңірлер әлі «қызыл» аймақта

Ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Түркістан облысы.