Матрица: Түркістан облысынан басқа өңірлер әлі «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналында 2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Матрица: Түркістан облысынан басқа өңірлер әлі «қызыл» аймақта тұр

Аталмыш мәліметтерге қарағанда:

Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Түркістан облысы тұр.