Матрица: Түркістан облысынан өзге қалалар мен өңірлердің барлығы «қызыл» аймақта

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Матрица: Түркістан облысынан өзге қалалар мен өңірлердің барлығы «қызыл» аймақта

Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.⠀

«Сары» аймақта: Түркістан облысы.