Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Маусым айында 167,8 мың автокөлік есепке қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасында 167 878 автокөлік есепке қойылды.

Маусым айында 167,8 мың автокөлік есепке қойылды
Фото: Ұлттық статистика бюросы

Бұл ағымдағы жылдың мамыр айындағы көрсеткішпен (147 668) салыстырғанда 13,7% жоғары.

Есепке қойылған автокөліктердің жалпы санының 87,4% жеңіл автомобильдер, 5,7% жүк автомобильдері, 2,4% тіркемелер, 1% мотоциклдер, 0,9% автобустар және 2,6% өзге де автокөлік.

Айта кетелік Қазақстанда ең көп сатылған автокөліктер белгілі болған еді. Сонымен қатар автокөліктің VIN-коды туралы нені білу керек екендігі туралы жазған едік