Маусым айында еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,9 пайызға төмендеді

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылғы маусым айында еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.
None
None

Агенттік мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылғы маусымда мамырмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 6,9 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 1,1 пайызға төмендеді.  Сонымен қатар, өндірілген өнім 5,2 пайызға, ал өндірістік сипаттағы қызметтер 1,6 пайызға арзандаған.

Бұдан бөлек, өткен айда бағаның мұнайға - 8,7 пайыз, сұйытылған пропан пен бутанға - 8,4, дизельдік отынға - 4,9 пайыз, металл кендеріне - 0,7 пайыз, бензинге - 0,6, мазутқа - 0,2 пайызға төмендеуі тіркелген.

«Бір айда баға қорғасынға - 11,5 пайыз, өңделмеген мырышқа - 8,6 пайыз, асыл металдарға - 4,3 пайыз, мысқа - 2,9 пайыз, қара металдар илегіне - 1,6 пайызға төмендеді. Ал алюминийге - 14,8 пайыз, ферроқорытпаларға - 1,9 пайызға жоғарылады. Азық-түліктен жармалар - 1,8 пайыз, балық - 1,7 пайыз, қант - 1,5 пайыз, сүт өнімдері мен бидай ұны - 0,4 пайызға арзандап, құс еті - 1,3 пайызға, өсімдік майы - 0,6 пайызға қымбаттады», - делінген баспасөз айғағында.

 

Соңғы жаңалықтар