Маусым айында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 5,8 пайызға төмендеді

Оны Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты.
Екінші тоқсанның соңғы айында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 26,1 миллиард долларға дейін немесе 5,8 пайызға төмендеді. Таза валюта қорлары - 6,2 пайызға, алтындағы активтер 2,2 пайызға азайды.
Бас банкирдің айтуынша, маусымда ақша базасы 8,7 пайызға ұлғайып, 2 738,4 миллиард теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2 218,4 миллиард теңге болды. Мамырда ақша массасы банк жүйесіндегі ішкі активтерінің өсуі себебінен 0,5 пайызға өскен еді. Ал айналыстағы қолма-қол ақшадағы өсім 3,4 пайыз болды. Депозиттердің өсуімен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақша көлемі өсуінің басым қарқыны ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесінің сәуірдегі 88 пайыздан мамырда 87,7 пайызға дейін төмендеуіне себепші болды.