Маусымның 25-і мен 27-сі аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
Елбасы
Маусымның 24-і мен 25-і аралығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысына сапары болады.
ПАРЛАМЕНТ
Маусымның 25-і күні ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысы өтеді.
ҮКІМЕТ
Маусымның 25-і күні 11.00-ден 12.00-ге дейін ҚР ІІМ сайтында (WWW.IIM.kz және WWW.MVD.kz ) интернет конференция өтеді.
Маусымның 19-25-і аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізіне арналған баспасөз-турын өткізеді.
ҚОҒАМ
Маусымның 1-інен бастап елімізде жыл сайынғы «Скутер» шарасы басталып, ол шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.
Маусымның 1-інен бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ мемлекеттік бағдарлама бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен ипотекалық несиелеуді қайта қаржыландыруды жаңғыртады.
СПОРТ
Маусымның 23-і мен 27-сі аралығында Талдықорғанда велоспорт бойынша ҚР Ұлттық чемпионаты өтеді.
Маусымның 22-сі мен 26-сы аралығында швейцариялық "Коловре" стадионында футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасынан Еуро-2010 финалы өтеді.
Маусымның 11-і мен шілденің 11-і аралығында Оңтүстік Африка Республикасында футболдан Әлем чемпионаты өтуде.
АСТАНА
Маусымның 25-і күні Астанада «Мемлекеттік тіл және БАҚ» Республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.
Маусымның 25-і күні Астанадағы Президенттің мәдениет орталығында қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылады.
Маусымның 21-і мен 26-сы аралығында ҚР Президентінің мәдениет орталығында "Мерейтой иелері" атты көрме өтеді.
АЛМАТЫ
Маусымның 25-і күні Алматыда Түркісіб ауданының жалпы білім беру мектептері арасында Әкім кубогы үшін футболдан турнир өтеді.
Маусымның 25-і күні Алматыда қазақ суретшілері туындыларының көрмесі өтеді.
МАУСЫМНЫҢ 25-І, ЖҰМА
Украина кеден қызметінің күні. 1991 жылғы маусымның 25-де Украинаның Жоғарғы Радасы Кеден ісі туралы Заңын қабылдаған күннен бастап жыл сайын атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
14 жыл бұрын (1996) Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне Мұхтар Әуезов есімі берілді.
11 жыл бұрын (1999) Алматыдағы Ғалымдар үйінде 7-томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының алғашқы томының тұсаукесер рәсімі болды.
5 жыл бұрын (2005) Фин шығанағы жағалауындағы Выборг портында қазақстандық «Алматы» екінші танкерін салтанатты қабылдап алу рәсімі өтті.
«Алматы» танкерінің негізі 2004 жылы сәуірдің 28-де Выборг кеме жасау зауытында қаланған болатын. Кеменің құрылысы 13 айға созылды. 2005 жылы мамыр айының соңында кеме Балтық теңізінде сынақтан өтіп, тапсырыс беруші «Қазтеңізтасымалфлоты» Ұлттық компаниясына табыс етілді.
Танкердің ұзындығы - 50 метр, ені - 17,3 метр, отыруы - 7 метр, борт биіктігі - 10,1 метр, жылдамдығы - 10 узел деп бекітілді.
Кеме Құмкөл тобы, Теңіз және Бозашы кеніштерінің мұнайын тасу үшін Ақтау-Махачкала, Ақтау-Баку бағыттары бойынша пайдаланылатын болады. Айына орта есеппен 7-8 рейс жасайтын танкер жылына 1 миллион тоннадан астам мұнай тасымалдамақ.
1 жыл бұрын (2009) Алматы қалалық поштамттың филателистиялық салонында «Ғарыш және астрономия» топтамасының екi көркем пошталық маркаларының тұсау кесер рәсімі өттi.
Жаңа маркаларда Мақсұтов телескобы және астрономиялық обсерватория бейнеленген.
Әрбiр марканың тиражы - 50000 дана, қалпы - 37 х37 мм. Маркалар Пекин пошта және телекоммуникация министрлігінің пошталық төлем таңбалары фабрикасында басып шығарылған. Николай Соколов ресімдеген.
Бұл Қазақстанның пошталық марка топтамасының 666-шы және 667-ші маркасы.
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1905-1980) Беларусь халық ақыны, Ғылым Академиясының академигі, Социалистiк Еңбек Ері, еңбек сіңірген ғылым қайраткері БРОВКА Петрусь Устинович дүниеге келді.
Беларус Республикасының Витебск облысында туған. Беларусь мемлекеттік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
«Полымя» журналының редакторы, Белоруссия КСР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Белоруссия кеңес энциклопедиясының бас редакторы қызметтерін атқарған.
«Годы как шторм», «Цеховые будни», «Дорога жизни», «Твердым шагом», «А дни идут...», «Дума о бессмертии» кітаптарының, Хлеб», «Всегда с Ле-ниным», «Голос сердца» поэмалардың, «Когда сливаются реки», «Михась Подгорный» либреттоның, «Девушка из Полесья» романының авторы.
Бровканың көптеген шығармалары қазақ және КСРО халықтарының, шет елдердің тілдеріне аударылған.
Үш мәрте Ленин, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 26-Ы, СЕНБІ
Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні. 1987 жылғы желтоқсанның 7-де БҰҰ Бас Ассамблеясы 42/112 қарар қабылдап, онда нашақорлықтан ерікті халықаралық қоғам құру мақсатына жету жолындағы іс-қимыл мен ынтымақтастықты күшейтуге табандылығын айғақтау белгісі ретінде маусымның 26-сын Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні тұрғысында атап өтуге қаулы қабылдады. Бұл шешім 1987 жылғы Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес конференциясының ұсынысы негізінде қабылданды.
Халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1997 жылғы желтоқсанның 12-гі арнайы қарарымен (№52/149) жариялаған. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес ұсынысы бойынша бекітілді.
БҰҰ қарарында айтылғандай, бұл халықаралық күн 1984 жылы қабылданып, 1987 жылғы маусымның 26-да күшіне енген «Азаптауға және адам абыройын кемсітетін өзге де қатыгез, рақымсыз немесе солардың басқа да түрлері мен соған сәйкес жазалаулар конвенциясының» азаптауды толықтай жою және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған күн.
ОҚИҒАЛАР
18 жыл бұрын (1992) «Қазақстан» газетінің ағылшын тіліндегі бірінші саны жарық көрді.
14 жыл бұрын (1996) Тегранда Иран радиосының Қазақ редакциясы ресми түрде жұмыс істей бастады.
1 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда «Ардагер» клубының жаңа ғимаратының тұсау кесер рәсімі өтті.
Клуб екі жыл бұрын Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері үшін құрылған. «Ардагер» өзінің бірінші күнгі қызметінен бастап жастарды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеу, әскери оқиғалар мерекелеріне, оқу орындарындағы кездесулерге арналған шараларды өткізеді.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1930) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті Мемлекет және құқық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, прокуратура қызметкері САПАРҒАЛИЕВ Ғайрат Сапарғалиұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов заң институтын бітірген.
1956-1992 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің кіші ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы, Философия және құқық институты директорының орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты заң факультетінің деканы. 1995-2008 жылдары - Қазақ гуманитарлық заң университеті Мемлекет және құқық институтының директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдың қаңтарынан.
Ғайрат Сапарғалиев 1978 жылғы Қазақ КСР Конституцияның, 1993 және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялардың жобаларын жасаушылардың бірі, Қазақстан Республикасының көптеген маңызды заңдарын жазуға қатысқан. 2007 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданған «1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындау жұмыс тобының мүшесі.
6 заң ғылымдарының докторы мен 40 астам заң ғылымдарының кандидатын дайындаған. 450 аса ғылыми еңбектердің авторы.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1950) экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық Экология, адам және табиғат қауіпсіздігі Ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры СЕРІКБАЕВ Аманқұл Серікбайұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында туған. П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген.
Қазақ КСР Ғылым Академиясы Физика-математика ғылымдары бөлімінің ғылыми хатшысы, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Алқасы бас ғылыми хатшысының орынбасары, Қазақстан Компартиясы ОК Идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Ғылым және жаңа технологиялар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника жөніндегі жоғары консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ректоры, Қазақстан Республикасының Парламенті Аппараты ақпараттық-талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2007 жылдан - «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты директорының орынбасары.
Ол мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы түрлі мәселелерге арналған 50-ден аса ғылыми еңбектердің авторы. 200-ден аса ғылыми, ақпараттық және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрді.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 27-І, ЖЕКСЕНБІ
Баспасөз, теледидар және радио күні - журналистика күні. 2004 жылдан бастап маусым айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Оған дейін аталмыш күн 1990 жылдардың басында қазақстандық парламент қабылдаған алғашқы бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның құрметіне орай маусымның 28-де атап өтілетін.
Дүниежүзілік балықшылар күні. 1984 жылдың шілде айынан бастап Римде өткен Балық аулауды бақылау және дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Бүкіләлемдік кеден ұйымының Кеден ынтымақтастығы кеңесінің 105-ші және 106-шы сессиясында Қазақстан Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясының мүшесі болып сайланды.
Бүкіләлемдік кеден ұйымы Саяси комиссиясы 1978 жылы құрылды. Оның құрамына 17-ден аса Бүкіләлемдік кеден ұйымы белсенді мүше-мемлекеттер аймақтық негіз ретінде екі жылдық мерзімге сайланады. Бұл ұйым бүкіләлемдік кеден жүйесінің қызметі мен даму сұрақтарын қарайды: халықаралық конвенцияларды жаңарту және енгізу, кеден ісі саласындағы басқа да құқықтық құралдарын өңдейді.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда «Домбыра» деп аталатын жаңа журнал жарық көрді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады. Музыка саласында қазақ тілінде алғаш рет шығып отырған бұл журнал ұлттық музыка өнерін, әдебиеті мен тарихын, философиясы мен психологиясын, педагогикасын насихаттаумен қатар, олардың рухани астарлары осы бір киелі аспап үнімен байланысты екенін айтуды көздейді. Басылымның бас редакторы - жас домбырашы, сазгер Жасарал Еңсепов.
1 жыл бұрын (2009) Парижде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы және Францияның Ұлттық әкімшілік мектебі арасында меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты өзара ынтымақтастықта тәжiрибе алмасу, қайта даярлау және мемлекеттiк билiк, мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың органдарға арналған кадрларының бiлiктiлiгiн жоғарылатуларымен шұғылданатын оқу орындардың оқу, әдiстемелiк, ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету саласын қайта жаңғырту болып табылады.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1925) жазушы ШІЛТЕРХАНОВ Әбдіһам дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында туған. Алматы ауыл-шаруашылық институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университет) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Бәйдібек ауданы мектебінің мұғалімі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Красная Нива ұжымшарының төрағасы, Отырар ауданындағы «Арыс» ұжымшарының директоры, ауданға тұрмыстық қажетті өтеу комбинатының директоры қызметтерін атқарған.
«Үш бәйтерек», «Ақ жалдың ақыры», «Аталы сөздер», «Саттар Ерубаев» атты кітаптардың авторы.
1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1960) жазушы ІЗІМҰЛЫ Мақсот дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Батыс Қазақстан облысы «Орал өңірі» газетінің, республикалық «Зерде» журналының, «Ана тілі» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Теміржолшы - Железнедорожник», «Аруана» газеттерінің және «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, бөлім редакторы, «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының бөлім меңгерушісі, «Арыс» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазіргі кезде «Аманат-ТТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
Алғашқы өлеңдері 1973 жылы республикалық «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған. «Аяқталмайтын әңгіме» атты кітаптың, «Бедеріндей кестенің» әңгіме-повесть жинақтарының авторы.