Маусымның бірінен бастап VII виртуалды АЭФ жұмысын бастайды - С.Нөгербеков

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап VIІ виртуалды Астана экономикалық форумы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы елордада АЭФ пен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербеков мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап G-глобал коммуникативтік алаңында VIІ виртуалды Астана экономикалық форумы мен екінші Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция жұмыс істей бастайды. Яғни, біз жыл бойы жетінші АЭФ-пен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияға дайындық жүргізетін боламыз», - деді С.Нөгербеков.

Соңғы жаңалықтар