Маутинбайктан Азия чемпионатына Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Маутинбайктан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары анықталды. 

Маутинбайктан Азия чемпионатына Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады
Фото: ҰОК

2025 жылы 23-27 сәуір аралығында Қытайдың Гуйчжоу қаласында маунтинбайктан Азия чемпионаты өтеді. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталмыш жарыста Қазақстан намысын 14 спортшы қорғайды. 

Төмендегі спортшылар тізімге енді:

- Денис Сергиенко

- Егор Карасёв

- Ілияс Рахимов

- Никита Галкин

- Алексей Фефелов

- Алдер Ергешов

- Богдан Лухманов

- Алина Карасёва

- Татьяна Генелева

- Юлия Ли

- София Мамева

- Татьяна Чакилёва

- Константин Казаков

- Виолетта Казакова

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық велошабандоз Рамис Дінмұхаметовтің Гонконгтағы жарыста топ жарғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар