Май ауданы «Балапан» бағдарламасын биылғы жылдың өзінде аяқтап шығады - Павлодар облысы

ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Май ауданында «Балапан» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда - бүгінде ауыл балаларының 83 пайызы мектепке дейінгі мекемелерге барып жүр, деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев кеше осында болған жұмыс сапарында.
None
None

«Жыл соңына дейін Көктөбе, Ақшиман, Май ауылдарында 150 орындық тағы үш балабақшаның жөндеу жұмыстары аяқталады, - деп атап өтті аймақ басшысы. - Бұл ауданда барлық балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Б.Сағынтаев мәдениет үйлерінде, білім беру мекемелерінде болды. Ауылдық мектептердің материалдық базасы жақсарып келеді, олардың бәрі де Интернетке қосылған, сыныптар заманауи компьютерлермен жарақтанған. Мектеп оқушыларының білім сапасы да жақсаруда, биылғы жылы мектеп түлектерінің ҰБТ-дан орташы баллы 82,3-ті құрады, ауданда алғаш рет екі түлек «Алтын белгіге» ие болды.

Б.Сағынтаев кәсіпкерлікті қолдау және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларының орындалу барысымен танысты. Ауданда 17 адам өзін-өзі еңбекпен қамтып, наубайхана, шаштараз, жиһаз жөндейтін, киім тігетін шеберханалар ашуда. Көктөбеде болашағы аоқ ауылдардан көшіп келетін адамдарға төрт үйдің құрылысы аяқталып келеді.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өнңімдерін өңдейтін кәсіпорындарды дамытуға, мал тұқымын асылдандыруға, шаруа қожалықтарына мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік беруде.

Соңғы жаңалықтар