09:48, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Май ауданында діни миссионерлердің заңсыз қызметінің жолы кесілді - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Май аудандық соты заңсыз миссионерлікпен айналысып келген Астананың екі тұрғынының әкімшілік ісін қарады,

деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Сот екі әйелдің Май ауданына келіп «Ата-жол» діни ағымын тыйым салынған әдебиетті қолдану арқылы насихаттаған. Олар ауыл тұрғындарын жергілікті жердегі үйлердің біріне жинап, оларды емдеумен айналысқан.
Соттың шешімімен, сот отырысына келмеген кінәлілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 375-бабының 3-тармағы бойынша айыпты деп табылып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе әрқайсысы 173 100 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Соттың шешімі заңды күшіне енді. Тәркіленген әдебиет жойылды.