АҚШ-та Boeing 767 ұшағы апатынан бес адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами халықаралық әуежайында Amazon Prime Air компаниясының рейсін орындауға дайындалып жатқан Boeing 767 жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды BBC.

ұшақ апаты
Фото: X / Confidential Post

Тағы бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. АҚШ Көлік министрі Шон Даффидің айтуынша, оқиғаны АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) тексеріп жатыр.

– Бес адамның қаза тапқанын және тағы бес адамның жарақат алғанын білеміз, – деді Майами-Дейд округінің басшысы Даниэлла Левин-Кава оқиғаға қатысты өткен баспасөз мәслихатында.

«FAA тергеу жүргізу үшін инспекторларын жіберді», – деп жазды Шон Даффи X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Оның айтуынша, Amazon компаниясына тиесілі жүк Boeing ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кеткен Майами әуежайында ұшып шығуға уақытша тыйым салынды.

Министр жолаушылар ұзақ уақытқа созылатын кідірістерге тап болуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін куәгерлер ұшу-қону жолағынан шығып кеткен ұшақтан қою түтін шыққанын хабарлаған.

Еске сала кетсек, жақында Атырау әуежайына шұғыл қонған шетелдік ұшақтың жолаушысы көз жұмды.