Майк Тайсон Мейвезер-Макгрегор айқасына баға берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Флойд Мэйвезердің Конор Макгрегормен жекпе-жегінен не күтетіні туралы бөлісті, деп жазды prosports.kz.

Майк Тайсон Мейвезер-Макгрегор айқасына баға берді

«Флойд Макгрегорды жеңеді. Олар ММА ережесімен жұдырықтасады деп ойлап едім. Барлық қызық осында жатыр, керемет боксшы аралас жекпе-жекті меңгерген жігітті жеңе ала ма? Конор өзін-өзі нокаутқа жіберген спортшы. Флойд жастайынан спорттың аталмыш түрімен айналысып келеді, ал Макгрегор бокста неге қабілетті? Ол өз арсеналының көп бөлігін қолдана алмайды. Әрине, бұл цирк нөмірі секілді әсерлі болады. Конордың мінезі бар, Мэйвезер ондай мінезді адамды бұрын-соңды кездестірмеген», - деп келтіреді Тайсонның сөзін Boxingscene.com.

Еске салайық, Макгрегор-Мейвезер жекпе-жегі 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.