Майқайыңдағы апат: Ойық түбіне дейін 40 метр жерді қазу керек

Алтын кенішінде жер астына түсіп кеткен автобусқа жету үшін ауыр техника жол салуды жалғастыруда. Шұңқырдың түбіне түсу үшін әлі де 40 метрден астам жолды қазу қажет, деп хабарлайды Kazinform.

Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Майқайың-алтын» АҚ-ның алтын кеніші маңындағы автобус пен 2 құтқарушыны іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр.

Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Арнайы техниканың ойық түбіне дейін жетуі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Шұңқырдың түбіне дейін әлі де 40 метрден астам жолды қазу қажет. Ауыр техника асқан сақтықпен әрі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеп жатыр. Шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупі бар. Барлығы 90 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда және тәулік бойы жүргізілуде» деп хабарланды өңір басшысының баспасөз қызметінен.

Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Майқайың
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Соңғы жаңалықтар