Майқайыңға халықаралық құтқарушы шақыруға қажеттілік болған жоқ – Роман Скляр
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Майқайың кен орнында автобустың құлауы туралы өз пікірін білдірді.

4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жер астына түсіп кеткен болатын. Екі адам қайтыс болып, екі адам әлі табылмады.
Бір айдан кейін Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері аталған учаскеде құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтып, іздестіру-құтқару жұмыстарын тоқтатты.
«Майқайыңға халықаралық құтқарушыларды тарту қажеттігі болған жоқ. Өйткені мұндай тәжірибе де болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі ойыққа құлап кеткен өз әріптестерін құтқару үшін бар күш-жігерін салды. Жұмысшылары қаза тапқан ұйым да қолдан келгеннің бәрін жасады», - деді Роман Скляр Үкімет кулуарында.
Бүгін Майқайың кеніші аумағындағы іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Ойық түбіне дейін техникаларды жеткізуге мүмкіндік беретін қауіпсіз жол салынып болған соң іздестіру-құтқару қайта жалғасатын болады.