Майкл Джексонның қарындасы ислам дінін қабылдады

Бірақ, бұл жаңалығын ол әзірге құпия сақтауда. Бұл туралы muslim.kz сайтында жазады.
Джанет Джексон катарлық миллиардер Виссам Әль-Манамен көңілі жарасып, келер жылдың соныңда Катардың астанасы Доха қаласында дүркіретіп той өткізбек екен. Катарлық бизнесмен Виссам Әль-Мана жылжымайтын және БАҚ саласында жұмыс жасайды. Біріккен Араб Әмірлігіндегі «Әль-Баян» газетінің жазуынша, Джанет Джексон мен Виссам Әль-Мана қазіргі уақытта той қамына кірісіп кетіпті. Олардың айтуынша, бұл тойлары тарихта қалатындай өтпек.
«Той иелері тойға 500 адам шақыруды жоспарлап отыр. Қонақтарды Катарға әкелудің өзіне 3 млн. доллар қаражат шығады екен. Әрбір тойға шақырылған қонақ құны 10 000 доллар тұратын «Rolex» маркалы сағатқа ие болады. Тойды ұйымдастыруға жұмсалатын барлық қаражат көлемі 20 млн доллар құрайды» деп жазуда Арабстанның бұқаралық ақпарат құралдары.