Майкл Джексонның қолғабы аукционда 350 мың долларға сатылды

АСТАНА.  Қарашаның  23-і. ҚазАқпарат - Майкл  Джексонның   «асыл тасты»  қолғабы   аукционда  350 мың  долларға сатылды,   бұл      оның бастапқы  бағасынан  35 есеге көп. 

Майкл  Джексонның  қолғабы   аукционда 350 мың долларға  сатылды

Поп-музыка королі 1983 жылы    өзінің атақты «ай бетіндегі  жүріс»  биін алғаш   орындаған  кезде, оның  сол қолында   әшекей  тастармен,  безендірілген  дәл осы  қолғап  болған  еді.    Сол  концерттен кейін  әнші   бұл қолғапты  Commodores    музыкалық тобының  қатысушысына тарту еткен  еді,  деп хабарлайды РТР-Вести.Ru басылымы. 

Нью-Йорктегі Hard Rock Cafe  дәмханасында  өткен  аукционға    Майкл  Джексонға  қатысты  70-ке  жуық   жәдігерлер, атап  айтқанда,    оның  концерттерінің  жарқағаздары,   оның  хаттары, альбомдары,    Майкл   9 жасында  өз қолымен  салған  Чарли Чаплиннің портреті, т.б. зат  болды.