14:46, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Майкл Джексонның қолғабы аукционда 50 мың долларға сатылды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Майкл Джексонның атақты ақ қолғабы аукционда 50 мың АҚШ долларына сатылды,
деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
«Сваровски» кристалдарымен әшекейленген қолғап Лас-Вегастағы Hard Rock отелі мен ойынханасының меншігіне айналды.
Қолғаптың сатылған құны өз бағасынан екі есеге артықты құрап отыр. Майкл Джексон қолғабын 1996 жылдың қараша айында «Елестер» қысқаметражды фильмінің премьерасында залға лақтырған болатын.