"Майкрософт" компаниясы соттың рұқсатымен Интернетті тазалау операциясын жүргізді

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат -"Майкрософт" компаниясы өткен аптада әлемдік ғаламторды тазарту жөніндегі бұрын-соңды болмаған «полицейлік» операция жүргізді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Бұл шараның мақсаты - спамдар - жарнамалық мазмұндағы электрондық хат-хабарлар тарату жөніндегі әлемдік орталық саналатын «Вэлидек» тармақталған құрылымына ену және оны бұзу болды.

 "Майкрософт"   компаниясы  соттың  рұқсатымен     Интернетті  тазалау   операциясын  жүргізді

Бұл операцияны өткізу үшін компания 277 доменді Интернеттен ажырату туралы өтінішпен сотқа арнайы шағым-арыз берді. Аталмыш домендер «Вэлидек» желісінің белсенді қатысушылары ретінде анықталып отыр.

"Майкрософт" компаниясының мәліметтері бойынша, әлемнің түкпір-түкпірінен "Вэлидэк" тәулігіне Интернетке 1,5 миллиард спам-хабарлар жолдап отырған. Сот Интернетті "Вэлидэк" жүйесінен тазартуға рұқсат берген шешімді жедел қабылдады. Келіп түскен мәліметтер бойынша, операция соңғы 4 тәулік бойы жүргізілген. Оның барысында "Майкрософт" мамандары комьютерлік вирустармен күрес саласындағы бірқатар ірі сарапшылардың қолдауымен барлық 227 доменнің жұмысын тоқтатқан.