Майра Мұхамедқызы Қырғызстанда дауыс берді

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстандық опера әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің жанынан ашылған сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, Бішкекте ол шығармашылық іссапарда жүр екен - 13 маусым күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер әншілерінің Ұйымның 13-14 маусым күндері Қырғызстанда болатын саммитіне арналған үлкен концертінде өнер көрсетпек.

Майра Мұхамедқызы елден жырақта, концертке қызу дайындық үстінде жүрсе де, сайлаудан тыс қала алмапты.

«Бұл біздің ел үшін ең маңызды сәт. Әр азамат сайлауға қатысуы тиіс. Күнде немесе жыл сайын сайлау болып жатқан жоқ. Бүгін біздің тағдырымыз, болашағымыз шешіледі. Мен елімнің патриотымын, сондықтан қайда жүрсем де сайлауға үнемі қатысамын. Оның үстіне, Отаныңнан алыста жүріп ел Президентін сайлау - нағыз тарих. Елдің сыртында отансүйгіштік сезімің де күшейіп, Отаныңды мақтан етесің», - дейді Майра Мұхамедқызы.



Авторы Наталья Гильт

Соңғы жаңалықтар