Майя Манеза ауыр атлетика бойынша қазақстандық құрама қоржынына екінші алтын медаль қосты
АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан өкілі зілтемірші Майя Манеза ауыр атлетикадан оңтүстіккореялық Коян қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 63 килограмға дейінгі салмақта екі жұлқып көтеру қорытындысында 246 килограмды еңсеріп, алтын медальды иеленді.
Ресейлік Светлана Царукаева өзінің салмағы жағынан М. Манезаға орын беріп, осындай нәтижемен күміс жүлдегер атанды. Қола медаль түрік Сибель Симсекке бұйырды (243 кг).