Мажарстан Қазақстанда АЭС салуға өз технологиясын ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM – Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Питер Сийярто Қазақстанда атом электр стансасын салу технологиясымен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

- Қазақстан атом электр станцияларын салу туралы шешім қабылдады. Біздің технология мен атом энергетикасы саласындағы тәжірибеміз Қазақстан үшін қолайлы болады деп ойлаймын, - Питер Сийярто Қазақстанға ресми сапары барысында БАҚ өкілдерінің алдында мәлімдеме жасай тұрып.
Сондай-ақ шетелдік мейман тараптар стратегиялық шарт жасасуды жоспарлап отырғанын, оның шеңберінде мажарлық MOL мұнай-газ компаниясы Қазақстандағы жаңа кен орындарын игеру саласындағы жобаларды іске асыруға қатысатынын хабарлады.
- Мажарлық компаниялар ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуда маңызды рөл атқарады және жақын арада құны 25 млн доллар болатын жаңа кәсіпорындар ашады, - деп хабарлады Питер Сийярто.
Айта кетейік, бүгін Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто елордаға ресми сапармен келді.
Белгілі болғандай, Мажарстанның президенті Тамаш Шуйок және Парламент спикері Ласло Кевердің Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Одан бөлек, ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық танытты.
Сондай- ақ Мұрат Нұртілеу Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың оңайлықпен шешілмейтінін айтты.
Кездесу барысында Қазақстанда мажар банктерінің филиалы ашылатыны айтылды.