Мажарстан паспорты әлемдегі ең мықты 7 құжаттың қатарына кірді
АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстан Еуропалық Одақ елдерінің арасында паспорттар рейтингі бойынша 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мәліметінше, бұл ел азаматтарына 185 мемлекетке визасыз кіруге мүмкіндік береді. Аталған позиция өткен жылмен салыстырғанда бір саты жоғары.
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы ай сайын жаңартып отыратын рейтингте 199 елдің паспорты мен 227 бағыт сарапталады. Мажарстан Аустралия, Чехия, Мальта және Польша елдерімен бірге 7-орынды бөлісіп отыр.
Көршілес елдер арасында Словакия, Словения және Хорватия 9-орынға жайғасқан (183 бағыт). Румыния – 13-орында (177 ел), Украина – 29-орында (147 ел), ал Сербия – 34-орында (138 ел).
Осыдан бұрын Мажарстан Еуропадағы ең тыныш әрі қауіпсіз туристік бағыттардың бірі ретіндегі беделін тағы бір мәрте растағанын жазғанбыз. Туризм саласы мамандарының бағалауынша, бұл елде қылмыс деңгейі төмен әрі шетелдік қонақтар үшін жайлы.