Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
АСТАНА. KAZINFORM — Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады.