Мажарстанда кеңес әскерлерін еске алу рәсімі өтті

БУДАПЕШТ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 64 жылдығының құрметіне Мажарстанда салтанатты шаралар өтті.
None
None
Осынау атаулы күнге арналған салтанатты рәсімде Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Рашид Ыбыраев Будапешт орталығындағы азат етуші кеңес әскерлерінің ескерткішіне гүл шоғын қойды. Рәсімге Достастық елдері дипломатиялық миссиясының елшілері мен қызметкерлері, соғыс ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Венгриядағы Елшілігіне сілтеме жасап. Бұл күні сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Мажарстан аумағында қаза болған кеңес әскерлерінің зиратына да гүл шоқтары қойылды. Бұл шараға Мажарстанның Фашизмге қарсы қозғалысының, Будапешт мэриясы мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. Достастық елдерінің диаломаттары салтанатты рәсімнен кейін, қалыптасқан дәстүр бойынша соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Соңғы жаңалықтар