Мәжіліс Аида Балаеваның кандидатурасын қолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мәжілісінде Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі ретіндегі кандидатурасын қолдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Мәжіліс депутаттары аталған тақырыпты «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық Заңның 22-1 бабына сәйкес қарастырды.

Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындау үшін Аида Ғалымқызы Балаеваның енгізілген кандидатурасын ұсыну туралы комитеттің қорытындысы қабылданды.



Соңғы жаңалықтар