Мәжіліс Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Мәжіліс Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

«Кеше Алматы облысы Қызылту ауылының маңында Көкшетау- Алматы бағытындағы «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырап, оның бес экипаж мүшесі мен жолаушылары қаза болды. Өте ауыр қайғы. Депутатық корпус атынан осы қазаға ортақтасып, көңіл айтамыз», - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түскі сағат 1 шамасында Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтерге сай әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі және 15 жолаушы болған. Оқиғаға байланысты арнайы Үкімет комиссиясы құрылды. Оны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев басқарды.