Мәжіліс азаматтық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасын қабылдады

АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары
None
None

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарын талқылап, құжатты қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, қос палата арасында негізгі 3 позиция бойынша келіспеушіліктер туындап, оны еңсеру үшін келісім комиссиясы құрылған болатын.

Аталған құжат экономиканы дамытудың маңызды шарты ретінде азаматтық заңнаманың тұрақтылығын сақтау кезінде Азаматтық кодекстің институттары мен нормаларын жетілдіруге бағытталады. Сонымен бірге жекеменшік институттармен келісімшарттық қатынастарды барынша нығайтуды көздейді. Мәселен, осындай институттармен келісімшарттық қатынастарды нығайту мақсатында құжат бойынша мәміле жарамсыздығына, кепілдік жарна институтын енгізуге, көлік құралын экипажсыз жалдау шартына қатысты біршама өзгерістер енгізіледі. Бұдан бөлек заң жобасымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған нормалар қамтылып отыр. Заңды тұлғаның жеке мүліктік емес құқықтарды бұзғаны үшін моральдық зиянды өндіріп алу мүмкіндігін болдырмауға бағытталған түзетулер де енгізілген. Жалпы алғанда жобаға сәйкес қолданыстағы 26 заң актілеріне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі.

Келісім комиссиясы 3 позицияны талқылап, оның 2-еуін бірлескен редакцияда, 1-еуін Сенат редакциясында қабылдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар