Мәжіліс бәсекелестік жөніндегі заң жобасын мақұлдады
Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде Кеден одағына қатысушы елдердің монополияға қарсы заңнамасын үйлестіру болып табылады. Сонымен қатар, құжат қолданыстағы монополияға қарсы ұлттық заңнаманы жетілдіруді де көздейді.
«Бұл ретте «Бесекелестік туралы» қолданыстағы заңға екі жаңа ұғым: «жанама бақылау» және «тікелей бақылау» ұғымы енгізіледі. Аталған ұғымдарды енгізуге байланысты араларында тікелей немесе жанама бақылау белгіленген нарық субъектілерінің келісімдері бәсекелестікке қарсы болып саналмайды», - дейді заң жобасы бойынша баяндаған Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев.
Бұдан бөлек, заң жобасымен Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістігінің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде монополияға қарсы заңнаманы үйлестіру шаралары да қарастырылады.
Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін бас комитетке тапсырылады.