Мәжіліс Бюросы палатаның алдағы отырысы бойынша күн тәртібін бекітті

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтті. Онда алдағы болатын жалпы отырыстың күн тәртібі бекітілді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Бюро ұсынысына сәйкес, депутаттардың қарауына бір топ құжат ұсынылады. Атап айтқанда, мәжілісмендер Қазақстан мен Чехия арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы, Қазақстан мен Қытай арасындағы газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шарттарға түзетулер енгізетін заң жобаларын талқылайтын болады.

Бұдан бөлек, екінші оқылымда мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсыну жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша түзетулер енгізілген құжаттар шығарылмақшы.

Жалпы отырыстың күн тәртібіне Қазақстан мен Люксембург арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қорытынды әзірлеу мезгілі де нақтыланады.

Соңғы жаңалықтар