Мәжіліс Бюросының отырысында депутаттардың талқысына шығарылатын заң жобалары айқындалды

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілік етуімен өткен Палата Бюросының отырысында жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын заң жобалары белгілі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті еліміздің кейбір заңдарына қала құрылысын жоспарлаған, жер телімдерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда Палатаның талқысына шығаруға болатыны жөнінде мәлімет берді. Сонымен бірге алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына бірнеше заң жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынуымен «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы, сондай-ақ Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда талқыға салынатын болды.Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу міндеті жүктелді. Оның ішінде бірқатар заңдарға азаматтарды ұстау негіздері мен тәртібін бекіту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу жөнінде, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Босқындар туралы» жаңа заң жобалары бар.Бюро мүшелері Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне бірнеше заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді және қос Палата арасындағы келісім комиссиясының ұсыныстарын енгізу туралы мәселелерді қарап, қолдау білдірді.
Соңғы жаңалықтар