Мәжіліс депутаттары 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін сатып алынған көлікке салықты арттырмауды ұсынады - Фракция отырысы

«Заң жобасында қарастырылған қозғалтқышы 3 мыңнан 4 мың текше сантиметрге дейінгі көлік құралдарына салық мөлшерлемесін көтеру мәселесін қолдай отырып, өз ұсыныстарымызды да алға тартамыз. Атап айтқанда, қозғалтқыш көлемі 4 мыңнан 5 мың текше сантиметрге дейінгі көлік құралдарына салық мөлшері 130 айлық есептік көрсеткішке дейін белгіленуі керек, ал қозғалтқыш көлемі 5 мың текше сантиметрден асатын көлік үшін салық 200 айлық есептік көрсеткішке тең болуы қажет. Сонымен қатар, еліміздің қарапайым азаматтарының мүдделерін кемсітпеу үшін қарастырылып отырған барлық салықтық ставкаларды 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынған автокөліктерге салуды ұсынамыз. Яғни, осы уақытқа дейін иеленген автокөліктерге ескі салық мөлшерлемесі сақталуы керек», - деді Мәжіліс төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар, палата төрағасы жылжымайтын мүлікке қатысты коэффицент көтеретін салықты алып тастауды, салықты негізінен тұрғын үй құнына қарай есептеуді ұсынды.