Мәжіліс депутаттары биыл «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында 912 қабылдау өткізді ? апталық брифинг

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Нұр Отан» партиясының арнайы бекіткен жоспарына сәйкес, биыл партияның қоғамдық қабылдау орындарында Мәжіліс депутаттары 912 қабылдау өткізген.
None
None
Бұл мәліметтермен бүгін дәстүрлі апталық брифингте «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Александр Житников таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның деректеріне қарағанда, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында орталық аппараттың қабылдау бөліміне 885 арыз түскен. Жазбаша арыздар саны 635-ті құрап отыр. «Орталық аппаратқа келген арыздардың басым бөлігі, яғни 24 пайызы Астана қаласы тұрғындары тарапынан түскен. Сондай-ақ 13 пайызы - Алматы, 11 пайызы - Оңтүстік Қазақстан облысы, 8 пайызы - Қарағанды облысы, 7 пайызы Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстары тұрғындарының үлесінде. Ал Алматы мен Жамбыл облыстарын түскен арыздар 5 және 4 пайызды құрады», - деді А.Житников.
Соңғы жаңалықтар