Мәжіліс депутаттары Е.Бектұрғанов пен Ж.Жарасов БҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен кездесті

ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов кеше, 16 қаңтар күні облыстық төтенше жағдайлар департаменті құрылымдық бөлімшелері басшылығы және қызметкерлерімен кездесті.

Мәжіліс депутаттары Е.Бектұрғанов пен Ж.Жарасов БҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен кездесті

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, онда депутаттар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Халық қалаулылары 2012 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің көлемі жағынан Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы елу елінің құрамына кіретінін, ендігі басты мақсат - 2050 жылға дейін 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену екендігін атап көрсетті. Депутаттар сондай-ақ Президент айтқан жаһандық он сын-қатерге де тоқталды. Содан кейін департамент қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді.

Төтеншеліктер «Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша мәнді сөз сөйлеген депутаттарға ризашылықтарын білдірді.