Мәжіліс депутаттары еліміздің өңірлеріне аттанады

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ақпанның 9-ы мен 18-і аралығында Мәжіліс депутаттары – «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Астанадан еліміздің өңірлерінде болады.
None
None
Сайлаушылармен өтетін кездесулерде бүгінгі таңдағы Үкіметтің Дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру және басқа да көкейкесті мәселелер көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутаттар кездесулерде Парламенттің төртінші шақырылымының ІІ сессиясы басталған 2008 жылғы қыркүйектің 2-сінен бергі уақытта Мәжілісте талқыланып, қабылданған заңдар жөнінде жан-жақты түсінік береді деп күтілуде. Жүздесулердің басты тақырыбы ? ел басшылығының әлемдік дағдарыс жағдайында азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауды көздеген шараларының мән-маңызын түсіндіру.Кездесу кезінде депутаттар тек облыс орталықтарында ғана болып қоймайды, сонымен қатар аудандар мен ауылдарда сайлаушыларымен кездеседі. Айталық, депутат Рамазан Сәрпеков Алматы облысының Панфилов ауданында, Ерболат Әпсаламов Шығыс Қазақстанның Семей, Өскемен, Курчатов қалаларында болмақ. Валерий Доскалов Шемонаиха ауданында, Ержан Рақметов Семей қаласында кездесулер өткізбекші.Жамбыл облысының Қордай, Мерке, Тұрар Рысқұлов аудандарында Құрманғали Уәли сайлаушылармен кездеспекші. Виктор Киянский Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына барады, Алияр Жараспаев пен Ерлан Нығматулин Қарағанды облысының Сәтбаев, Жезқазған және Балқаш қалаларын аралап, бірқатар өндіріс орындарында болады. Депутат Владимир Нехорошев ақпанның 10-ында Теміртау қаласында «Миттал стил» металлургиялық комбинатының еңбек ұжымымен кездеседі. Ал Төлебек Қосмамбетов Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара, Отырар және Арыс аудандарында сайлаушылармен кездесу өткізеді. Нұрбах Рүстемов, Сатыбалды Ибрагимов Ерзат Әлзақов, Сауырбай Есжановтар оңтүстіктегі Бәйдібек, Созақ, Ордабасы, Төле би, Қазығұрт, Сайрам аудандары мен Шымкент, Түркістан қалаларында ел-жұртпен жүздесіп, парламенттік қызметтері жайлы баяндап береді. Павлодар облысына депутат Серік Баймағанбетов іссапармен барып, кездесулер өткізеді. Ақпанның 13-і күні Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен Қоғамдық Палатаның отырысы өтеді. Сонымен қатар депутаттар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана мен Алматы қалаларында тұрғындармен кездесіп, сұрақтарына жауап беріп, келелі мәселелер бойынша түсіндірме береді деп жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар