Мәжіліс депутаттары Кәсіподақ федерациясы өкілдерімен кездесті

аусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстанның Кәсіподақтар Федерациясының кезекті ХХІІ съезіне қатысушы делегаттармен кездесті. Жүздесуге ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров және Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері қатысты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертеңгі Кәсіподақтар Федерациясының кезекті съезі аясында Мәжіліс депутаттарымен кездесуге ниет білдіргендеріңізді құптадық. Жалпы, заң шығармашылығы ең бірінші кезекте тек кәсіподақтардың қызметін қамтамасыз етуге ғана емес, сіздер өкілдік етіп отырған ұйымдардың қызметін жетілдіруге де кеңінен бағытталады. Сондықтан да, заңнама аясындағы кез келген өзгерістер кәсіподақтардың кәсіби қызметімен де тығыз байланысты. Сол үшін Парламент Мәжілісі кәсіподақ ұйымдарын заң шығармашылығына барынша тартып, олардың сындарлы ұсыныстарына жиі назар аударып келеді. Бұндай шаралар жіті қабылданбаса, заңнамалық актілердің де толыққанды болмайтындығы әлемдік тәжірибеден де белгілі», деді жиынға жетекшілік еткен Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Бобров.

Сонымен бірге, вице-спикер Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы, оның жанынан құрылған кеңестердің қызметі жайында әңгімелеп берді. Жиын барысында кәсіподақ өкілдері өздері қызығушылық танытқан мәселелерге қатысты сауалдар қойып, ол бойынша депутаттардан тұшымды жауап алды.

Соңғы жаңалықтар