Мәжіліс депутаттары Кеден одағындағы тауарлардың экспорты мен импортына қатысты құжатты мақұлдады
аусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2008 жылдың қаңтар айының 25-індегі Кеден одағындағы тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Хаттама Кедендік одақтың жанама салықтарды алу принциптері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізуді қарастырады. Құжатқа енгізілген өзгерістер акцизі бар тауарлардан алынатын жанама салықтың ұлттық заңнамаға алынуын қарастырады. Сонымен қатар тауарларды арнайы экономикалық аймақтарға импорттауда салынатын жанама салықтар аталмыш аймаққа қатысты келісім негізінде анықталады», деді Қаржы министрі Болат Жәмішев заң жобасымен таныстыру барысында.