Мәжіліс депутаттары мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны бекітті
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндама жасап, аталған конвенцияның мақсаты жөнінде айтып, депутаттардың бірқатар сұрақтарына жауап қайтарды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бағила Баймағамбетова қосымша баяндама жасады. Айта кету керек,Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция 2003 жылғы 17 қазанда Парижде қабылданған.
Баяндамашының айтуынша, осы Конвенцияның мақсаты материалдық емес мәдени мұраны қорғау, тиісті қоғамдастықтардың, топтардың және жекелеген адамдардың материалдық емес мәдени мұрасын құрметтеу, материалдық емес мәдени мұраның және оны өзара танудың маңыздылығына жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде назар аудару болып табылады.
Материалдық емес мәдени мұра қоғамдастықтар, топтар және кейбір жағдайларда жекелеген адамдар өздерінің мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде таныған әдет-ғұрыптарды, түсініктері мен пайымдарының нысандарын, білім мен дағдыны, сондай-ақ олармен байланысты құралдарды, заттарды, артефактілерді және мәдени кеңістіктікті білдіреді. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін адам құқықтары жөніндегі қолданыстағы халықаралық-құқықтық актілермен және қоғамдастықтар, топтар мен жекелеген адамдар арасындағы өзара құрмет талаптарымен сәйкес келетін материалдық емес мәдени мұра ғана назарға алынады.
Конвенцияға сәйкес әрбір қатысушы мемлекет өзінің аумағында бар материалдық емес мәдени мұраны қорғауды, дамытуды және оның рөлін арттыруды қамтамасыз ету үшін қоғамда материалдық емес мәдени мұраның рөлін арттыруға және осы мұраны қорғауды жоспарлау бағдарламасына кіргізуге бағытталған жалпы саясатты қабылдау, оның аумағында бар материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөнінде бір немесе бірнеше құзыретті органдарды белгілеу немесе құру, ғылыми, техникалық және өнертану зерттеулеріне жәрдемдесу, тиісті заңдық, техникалық, әкімшілік және қаржылық шараларды қабылдау мақсатында күш-жігерін жұмсайды.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын қарап, мақұлдады.