13:48, 11 Ақпан 2009 | GMT +5
Мәжіліс депутаттары өңірлердегі мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуде
ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Талдықорғанда халыққа ең қажетті тауарлардың бағасы өскен жоқ. Бұл жөнінде әріптесі Динар Нөкетаевамен бірге Алматы облысының сайлаушыларымен кездескен Мәжіліс депутаты Уәлихан Қалижан айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған аймақ жыл қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті салық жоспарын орындап шыққан. Өткізілген кездесулерден байқалғаны, Талдықорған қаласы мен Есенкелді тағы да басқа аудандарының активтері мен қоғамдық өкілдері және кәсіпкерлермен, ішкі істер бөлімі мен прокуратура, сот өкілдерінің қатысуымен облыста азаматтардың әлеуметтік жағдайына бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар жасалуда. Қоғамдағы тұрақтылық жағдай мен іскерлік белсенділік сақталып отыр.Парламентшілер «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының облыстық қоғамдық қабылдау орталығында азаматтарды қабылдады. Қабылдауға 20 адам әр түрлі мәселелермен келді. Оның ішінде көп балалы аналар, соғыс ардагерлері, оралмандар және басқалар бар. Сол мәселелердің кейбіреулерін парламентшілер депутаттық сауал ретінде лауазым иелеріне жолдайтындарын айтты. Өтініштердің ішінде біреуін мысалға келтірсек, бір мектеп мұғалімінің бастамасымен футбол алаңы жасалған. Алайда, ол жер Қорғаныс министрлігінің иелігінде екендігі анықталған. Енді депутаттар осы мәселені шешу үшін аталған министрліктің басшысына сауал жолдайтынын мәлімдеп отыр. Жамбыл ауданында болғанда депутаттар Қарақастек ауылындағы туберкулез ауруханасын күрделі жөндеуден өткізуге облыс әкімі Серік Үмбетовтың ықпал етуімен қаржы бөлінгенін естіп білді. Бүгін, ақпанның 11-інде Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өтетін жиналыста облыс әкімі аймақтағы атқарылған істер жөнінде баяндап береді.