Мәжіліс депутаттары шығыс өңірінде болды

ТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерболат Әбсәлямов пен Александр Милютин Шығыс Қазақстан облысында іссапарда болды. Халық қалаулылары бірнеше ауданда жергілікті атқару ұйымдарының басшыларымен, еңбек ұжымдарымен және қалың бұқарамен жүздесті,

Мәжіліс депутаттары шығыс өңірінде болды

деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Аймақтағы ең ірі ет өндіруші мекеме «Семей ет комбинаты» ЖШС-де болып жұмысшылармен кездесті. Басқосуда тамақ өндіру мен отандық тауарөндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау мәселелері сөз болды.

«Семей жүн-тері» ЖШС-дегі кездесуде депутаттар өндіріс басшыларымен қайта жабдықтау мен модернизациялау және жеңіл өнеркәсіп өндірушілер мен шикізат өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау мәселесі қозғалды. Мәжілісмендер осы саланың мәселелері бойынша Премьер-министрге депутаттық сауал жолдауға әзірліктерін білдірді.

Сондай-ақ, депутаттар «Тамаша» макарон фабрикасы» ЖШС-де өндіріс басшыларымен және жұмысшыларымен де кездесті. Жұмысты бастағандарына көп бола қоймаса да бұл өндіріс мекемесі рынокта өз орынын ала бастаған екен. Аймақтағы ең алдыңғы қатарлы тамақ өндірушелерге жататын олар өнім шығарудың жетілдірілген технологияларын пайдаланып отыр. Жобалары Қазақстанды индустриализациялау картасына енгізілген. Фабриканың өндіріс қуаты - тәулігіне 20 тонна қысқа кесілген макорон шығару. Мекемеде 50 адам жұмыс істейді.

Халық қалаулылары осы өндіріс орнын ұлғайту мәселесіне назар аударды.

Депутаттар Ерболат Әбсәлямов пен Александр Милютин іссапар барысында Курчатов қаласына да барды. Бұл жерде олар қала басшыларымен, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының аймақтық филиалының белсенділерімен кездесті. ҚР радиациялық қауіпсіздік пен экология Ұлттық ядролық орталығы институтында, ядролық технологиялар паркі әкімшілік-өндірістік кешенінде болды.

Абай ауданының орталығы Қарауыл мен Абралы ауданындағы Қайнар ауылында мәжілісмендер сайлаушылармен және аудан басщыларымен кездесіп, әлеуметтік обьектілерді аралады.

Бұл басқосуларда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы айтылды.